Атырау, 18 желтоқсан 17:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Атыраулықтардың шыдамы мықты

8 094 просмотра

Атыраудың жаңа тарихында жергілікті биліктің жар салып жариялағаннан кейін «жоғалып» кететін жобалар аз болған жоқ. Солардың бірі –  мұнайлы астананың маңызды жерлерінде тегін Wi-fi тарату жобасы.

Қоғамдық жерде ғаламтор тегін әрі қолжетімді болып алғашқы рет 2013 жылы іске қосылған еді. Сол кезде қала тұрғындары 25 қоғамдық жерде, нақтырақ айтсақ Исатай мен Махамбет алаңы, АМУ маңында, жағажай, саябақтарда осы мүмкіндікті пайдаланады деп көзделді. Бірақ, бәрі оп-оңай жүзеге асып кеткен жоқ, әрине – осы қызметті пайдалану үшін қосылғысы келгендер байланыс сапасы нашар деп шағымданып, кейін көп кешікпей тіптен жоғалып кеткен.

2018 жылы «Ақылды қала» жобасы шеңберінде қоғамдық  Wi-fi байланысын қайта жаңғырту туралы хабарланған болатын. Бірақ жергілікті билік «Қазақтелеком» АҚ-мен келілім-шарт жасау үшін қаржы қарастыруды ұмытып кеткен. Әйтеуір Батыс аймақтық телекоммуникациялар дирекциясының корпоративті сату орталығының директоры Әлия ОРАЗОВА «АЖ» сауалына 2019 бен 2020 жылдары әкімдікпен келісімшартқа отырмағанын, «сондықтан ғаламторды қолжетімті ететін қоғамдық орындардағы Wi-fi  іске қосылмаған» деп жауап берді.

Айта кетсек, 2018 жылы американдық  кәсіпкер және өнертапқыш Илон Маск интернетті жер бетіндегі барлығы болмағанмен, көпшілігіне тегін қосуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.  Күте тұрамыз ба?

Фархат ӘБІЛОВ 

Суретті дайындаған автор

29 маусым 2020, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.