Атырау, 24 сәуір 10:51
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Мәдениет басқармасында жаңа басшы

4 194 просмотра

Атырау облысы әкімінің өкімімен Ақылбек РЫСҚАЛИЕВ Атырау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жаңа басшысы болып  тағайындалды.

А.Рысқалиев 1971 жылы туған.  Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика институтын "мәдени ағарту жұмыстарының ұйымдастырушы методисі" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры" бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1992 жылы Атырау облысы Исатай ауданындағы "Исатай аудандық мәдениет бөлімінің" әдіскерлер орталығының әдіскері лауазымынан бастаған. Кейінірек әдіскерлер орталығының меңгерушісінен Мәдениет үйінің директорына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2006 жылы Аққыстау ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен. 2012 жылы Исатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бөлім басшысы лауазымын атқарған. 

Соңғы жұмыс істеген орны - Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы лауазымы.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

29 маусым 2020, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.