27 маусымда сағат 18:26-да Атырау қаласы Алмагүл мөлтек ауданында, 16 қабатты көп пәтерлі үйдің жертөлесінде орналасқан "Bretzel" мейрамханасында өрт шыққаны туралы шақыру келіп түсті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.
Жалпы ауданы 270 кв.м. болатын мейрамхананың 70 кв.м. бөлігі жанған.
Өрт кезінде мейрамхана пайдаланылмағандығы белгілі. Өрттің алдын ала себебі - шатырдағы электр сымдарының қысқаша тұйықталуы.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД “ӨСж/еАҚЖҚ” ММ-нің 16 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Сағат 19:09-да өрт толығымен жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.