Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лига мен Екінші лигадағы ел біріншілігінің басталу уақыты 1 тамызға шегерілді деп хабарлады. ҚКФЛ президенті Олжас АБРАЕВТЫҢ айтуынша, бұған эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себеп болып отыр.
Премьер-лигаға келер болсақ, ел чемпионаты (ол көрермендерсіз 15 наурызда өткен екінші турдан кейін тоқтатылды) 1 шілдеден бастап жалғасады. Футбол клубтары санитарлық нормаларды қатаң сақтап, матчты ұйымдастырудың арнайы талаптарын орындауы тиіс. Барлық ойындар көрерменсіз өтеді.
Бұдан бұрын маусым айының басында ҚКФЛ Бірінші лига чемпионатының кестесін бекітті. Алғашқы матчты Атырау командасы 1 шілдеде өз алаңында (көрерменсіз) «Қайрат-Жастармен» ойнауы тиіс болатын.
Мирас МҰСТАФАЕВ