Атырау, 23 сәуір 20:47
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Құрметті әріптестер!

3 898 просмотра

Ертең біздің кәсіби мерекеміз – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Ол бәріміз үшін қиын жағдайда атап өтілгелі тұр. Біздің кейбір әріптестеріміз қызмет бабымен жүріп жұқпалы дертке де шалдығып қалды. Біз олардың бәрінің тез арада сауығып, қатарымызға қосылып кетуіне шын жүректен тілектеспіз.

Өкінішке орай қазіргі жағдайда БАҚ қызметкерлері күнін әдеттегідей өз кәсібін сүйетін әріптестердің достық пейілдегі басқосуы мен спорттық жарыстар ұйымдастырып, кеңінен атап өтуге мүмкіндік болмай отыр. Бірақ, мерекенің орны бөлек. Осы ретте бірқатар жерлес-әріптестеріміздің жетістіктерін қуана хабарлаймын. Қазақстанның құрметті журналисі атағын Әбдіхалық Сисенбердиев алды, ал Мақсот Елеусінов, Меңдібай Сүмесінов, Кеңес Сахи, Боранбай Ғалиев және Қылышбай Сүндетұлы «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалімен марапатталды. Сіздерді және барлық әріптестерімізді тағы да төл мерекемен құттықтаймыз. Әріптестер, аман жүріңіздер!

Алма Қалусариева, Қазақстан журналистер одағы Атырау облыстық филиалының төрайымы

27 маусым 2020, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.