Атырау, 26 қараша 05:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ штатында қара нәсілді адамдарға маска тақпауға рұқсат берілді

3 166 просмотра

АҚШ Орегон штатының Линкольн округінде қара нәсілді адамдар үшін карантин шектеулерінің бірі - маска тағу міндет емес,- деп хабарлайды CNN. 

Аймақтың белсенділері мен құқыққорғаушылары расистік көзқарас салдарынан маска таққан қара нәсілді адамдарды қылмыскер деп қабылдайды деген шағымнан кейін билік осындай шешім шығарды. Бұл округтің 90 пайызы ақ нәсілді адамдар екені атап өтілген. Қара нәсілді адамдарға маска тағу ыңғайсыз болса, оны тақпауға рұқсат етілді.

Дегенмен Линкольн округіндегі қалған тұрғындар үшін COVID-19 пандемиясының салдарынан қоғамдық орындарда, жабық ғимаратта және көшеде маска тағу міндет. Айтқандай, биліктің бұл шешімін тек қара нәсілді адамдар емес, латынамерикалықтар, мүгедектер, тыныс алуы қиын адамдар және 12 жасқа дейінгі балалар да орындамауына болады.

Телеарна таратқан ақпаратқа қарағанда, COVID-19 пандемиясы салдарынан қара нәсілді тұрғындардың арасында қайтыс болғандар 2,3 есе көп.

Еске салайық, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 2,47 миллионға жетті. 764 мың науқас аурудан айықты, 126 мың адам қайтыс болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 маусым 2020, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.