Пандемия басталғалы бері Атырау облысында 127 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы онлайн-брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис ТАНБАЕВА хабарлады.
Жалпы өңірде 1,5 мың дәрігер, 5 мыңнан астам орта медицина қызметкері және 1,5 мың кіші медицина құрамы жұмыс істейді.
- Вирус жұқтырған 127 адамның 67-сі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. 13 адам әлі күнге дейін ем алуда, олардың жағдайы - орташа ауырлықта. Қалған 60-ында ауру белгілері байқалмай өтті, - деді Г.Танбаева.
Зульфия ИСКАЛИЕВА