Атырау, 26 қараша 20:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Адамдар сенбей, жасырын той-садақа жасады»

5 585 просмотра

Атырау облысында карантин шараларын күшейтуге барлық негіз бар. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаламқас АМАНЖОЛОВА мәлімдеді.

Айтпақшы, брифингтен кейін коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қосымша шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулы шықты. Әзірге 27-28 маусымда демалыс күндеріне ғана күшейту енгізілуде.

- Шараларды күшейту үшін барлық негіз бар. Соңғы тәулікте вирус жұқтырған 400 науқас анықталды, оның 257-сі – профилактикалық скрининг кезінде анықталған. Бұлар - негізінен мұнай кәсіпорындарының жұмысшылары. Екінші себебі – Атырауда өздері жүгінген адамдар саны көбеюде. Өкінішке орай, көп адам инфекцияның бар екеніне сенбей, оқшаулау ережесін сақтамады, жасырын түрде той-топыр мен садақалар жасауды жалғастырып жатыр. Эпидемиологиялық тергеу жүргізген кезде науқастардан қай жерге бардыңыз, кіммен қарым-қатынаста болдыңыз деп сұрасақ, әдетте, садақаға немесе тойға барып едім деп айтып жатады. Маска тағып, қашықтық сақтап, антисептикті қолданып, барынша үйде отырыңыздар дегім келеді, - дейді Қ.Аманжолова.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 маусым 2020, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.