Атырау облысында жылу энергиясының төлемақысы қайта есептеледі, ал монополистер тұтынушыларға 7 миллион теңгеден астам қаражатты қайтарады. Бұл өткен қыстағы сыртқы ауаның нақты температурасымен байланысты болып отыр.
Табиғи монополияларды реттеу департаменті «АЖЭО» АҚ-ын (2 млн 779 мың), «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-ін (1 млн 420 мың) абоненттік төлемді қайта есептеуге міндеттеді.
Департаменттің баспасөз хабарламасында айтылғандай, тұтынушылар ортақ қолданыстағы жылу есептегіштерге ауысқан кезде, тек нақты тұтынған жылу мөлшеріне төленген жағдайда қайта есептеудің қажеті болмайды.
Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ