Атырау, 26 қараша 04:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға қарсы әскери жоспарын кейінге қалдырды

2 726 просмотра

КХДР лидері Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға қарсы әскери жоспарын кейінге қалдырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Корея орталық телеграф агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, КХДР мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ын Корея Еңбек партиясының жетінші шақырылымындағы Орталық әскери комитеттің бесінші сессиясының алдын ала отырысын өткізген. Сол кезде Оңтүстікке қарсы бас штаб ұсынған әскери жоспарды кейінге қалдырған.

Отырыста Корея Еңбек партиясы Орталық әскери комитетінің бесінші сессиясында талқыланатын, сондай-ақ "елдің әскери күшін одан әрі нығайтатын мемлекеттік шаралар" белгіленген әскери саясаттағы негізгі жобалар, баяндамалар және қаулылар қарастырылған.

Отырыс бейнеконференция режимінде өткен.

Айта кетейік, КХДР өз территориясына Оңтүстік Корея тарапынан келген қағаздарға байланысты кінә таққаннан кейін екі ел арасындағы шиеленіс тағы да қиындады.

16 маусымда Солтүстік Корея Оңтүстік Кореядағы координациялық бюро ғимаратын жарды. Келесі күні КХДР бас штабы шекаралық аудандарға әскер кіргізетінін және сол жақта оқу-жаттығуды жандандыратынын, сондай-ақ Оңтүстік Кореяға қарсы насихаттау кампаниясын бастайтынын хабарлады.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 маусым 2020, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.