Атырау, 26 желтоқсан 13:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Шай ішіне жасырылған телефон

4 175 рет қаралды

Атыраудағы УГ-157/1 мекемесіндегі (тергеу изоляторы) бақылау-өткізу бөлімінің қызметкерлері сәлем-сауқатты тексеру кезінде қайнататын шай пакетіне жасырылған ұялы телефон мен қуаттау құрылғысын тәркіледі.

- Сәлемдеме ұрлық жасады деп айыпталған 39 жастағы тергелушіге берілмек болған, - деп хабарлады тергеу изоляторындағылар.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жолданды.

Фархат ӘБІЛОВ

УГ-157/1 ұсынған сурет

23 маусым 2020, 20:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.