Айнұр Қоскина - Павлодар журналистикасы мектебінің өкілі. 15 жыл өңірлік телеарналарда, радиода және Павлодар газеттерінде тележүргізуші, журналист және шығарушы редактор болып жұмыс істеді. Павлодар облысы бойынша «Рахат ТВ» телеарнасының меншікті тілшісі болды. 2011 жылы Астанаға көшкеннен кейін «Око» газетінің бас редакторының орынбасары, «Жан» журналының бас редакторы, Zakon.kz, Radiotochka.kz, Total.kz, «Настоящее время» телеарнасы (Radio Free Europe/Radio Liberty, RFE/RL) интернет басылымдарының меншікті тілшісі. Қазір Vesti.kg (Қырғызстан) меншікті тілшісі, Holanews.kz-де фрилансер.
Елордада жұмыс істесе де, Айнұр ешқашан «паркетті журналист» болған емес, одан Парламентте министрлер қашып, оның өткір сұрақтарынан көптеген депутаттар мен шенеуніктер қорқатын. Сондықтан оны бірнеше рет аккредитациядан өткізбей, үкімет есіктен қаратпай жүрді. Оның мінезі мен шыншылдығы да Әбділда Мұқашевқа ұқсайтындай...
Қазір Айнұр Қоскина Youtube каналында аймақтық басылымдарды қолдауға бағытталған QOS live жобасын жүргізеді. Барлық әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз!