Атырау, 16 қаңтар 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Bek Аir-ден ақшаңызды қайтаруға мүмкіндік бар

2 905 просмотра

Өткен жылдың 27 желтоқсанында (Алматы маңында апат болған күні) Қазақстан билігі Bek Аir әуе компаниясының рейс жасауына тыйым салғаннан кейін, атыраулықтар, басқа қазақстандықтар секілді, әлі күнге дейін тоқтатылған рейс билеттерін сатып алған ақшаларын қайтара алмай отыр. Ал енді жақсы мүмкіндік пайда болды.

Азаматтық авиацияда билетті неғұрлым ерте сатып алса, соғұрлым арзан болатыны белгілі. Былтыр Bek Air рейстеріне алдын-ала билет сатып алған көп адам осы тұзаққа түсіп қалды.

Бірақ өткен аптада Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты әуе компаниясын бірнеше клиентке билет құнын қайтаруды міндеттеді. ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті осы сот шешімінен кейін өздеріне тағы 20-ға жуық шағым түскенін хабарлады.

- Қазір заңгерлер Алматы қаласының аудандық сотына екінші талап арызды дайындап жатыр, - деп хабарлады Комитет. Ақшаларын қайтарғысы келетіндер Комитетке шағымдарын жолдауы тиіс. Оның үлгісін beta.egov.kz сайтынан жүктеуге болады.

Фархат ӘБІЛОВ

23 маусым 2020, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.