Атырау, 16 қаңтар 00:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

15 мыңды алуға өтінім берудің соңғы мерзімі –25 маусым

2 890 просмотра

25 маусымда коммуналдық қызметтерді төлеу үшін берілетін 15 000 теңгеге өтініш беру мерзімі аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «ҚР төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтердің төлемі бойынша халықтың төлемақысын өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шыққан болатын. Соған сәйкес өңірлерде карантин енгізіліп, әкімдік тұтынушылардың жеке (абоненттік) шоттарына екі ай ішінде айына 15 мың теңгеден қаражат бөлуі тиіс болатын.

Көмек:

I, II және III топтағы мүгедектерге;

мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

көп балалы отбасыларға;

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген адамдарға;

мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін атқару кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;

ең төменгі зейнетақы және одан да төмен алатын  зейнеткерлерге;

атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға, оның ішінде жалғызілікті зейнеткерлерге арналған.

Атырау облысында өтінішті беру үшін арнайы atyrau.komek109.kz сайты ашылды – тексеру үшін ізденушілер тізіліміне ЖСН енгізу керек. Аталған санаттардың бірінен өзіңізді тауып алып, су, электр қуаты және жылу, газбен жабдықтау және қоқыс шығару қызметтері бойынша дербес шоттарды енгізесіз.

«АЖ»-ға оқырмандар хабарласып, мұндай формат ыңғайсыз деді. Олар ақшаны өздерінің шоттарына аудартып алып, әрі қарай сол мақсатқа өз бетінше төлем жасағысы келеді. Ең бастысы – қайда қанша төлегені көрінгені.

Бұл шағымдарды біз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жолдадық. Онда бұл қаржы қалай төленетіні туралы ереже бар екенін түсіндірді.

- 30 мың теңге 5 қызмет бойынша абоненттердің шоттарына аударылады – бұл ақша 2 айға есептелген. Егер барлық коммуналдық қызметтер үшін бір айда 15 мың теңгеден артық шығатын болса, қалғанын абоненттің өзі төлейді. Иә, алғашында түсінбеушілік болды, сондықтан әр қызмет көрсетушінің жанында барлық сұрақтар бойынша кеңес алу үшін бір маманды отырғызды, - деп жауап берді бөлімдегілер.

Қазір ең бастысы – ақшасы кейін түссе де, өтініш беріп үлгеруі керек. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

23 маусым 2020, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.