Ұлттық сараптама орталығы қызметкерлерінің 90%-ында коронавирус инфекциясы анықталған. Бұл туралы онлайн-брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис ТАҢБАЕВА хабарлады.
Дегенмен зертхана өз жұмысын жалғастыруда, оның үстіне аурудың көбеюіне байланысты оның қызметкерлеріне күшейтілген режимде жұмыс істеуге тура келеді. Осы уақытта қанша медицина қызметкеріне COVID-19 диагнозы қойылды деген сұраққа Таңбаева өзімен бірге жаңа мәліметті алмағанын, бірақ 10 күн бұрын олардың саны 62 болғанын айтты.
Естеріңізге салсақ, айдың ортасында Ұлттық сараптама орталығының 14 қызметкері, соның ішінде олардың басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВТАН COVID-19 анықталған еді. Вирус жұқтырушылардың барлығы – орталықтың әкімшілік бөлігінің қызметкерлері және талдау жасалатын зертханаларға тікелей қатысы жоқ. Дезинфекция жұмыстары жүргізілгеннен кейін зертхана қалыпты режимде жұмыс істейді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА