Атырау, 25 желтоқсан 09:22
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Махамбеттік диқаншылардың алғашқы өнімі

3 485 рет қаралды

Махамбеттік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері биыл да мол өнім ұсынуды көздеп отыр.

Биылғы жылдың өзінде 100-ден астам шаруашылық  550 гектарға картоп,  795 га көкөніс,  385 га бақша,  2300 га мал азығын егіп отыр. Егістіктің 1480 гектарына тамшылатып суару әдісін пайдалануда. Көпжылдық  жеміс-жидек 233 гектарға жетіп, онымен тұрақты 10 шаруашылық айналысуда.

-Диқаншылар биыл 28600 тонна көкөніс дақылы, 15100 тонна бақша,  9200 тонна картоп аламыз деп жоспарлауда. Қазір «Никита», «Кан», «Наурыз» ШҚ диқаншылары базардан төмен бағамен қияр сатуды бастап кеткен болатын, - дейді ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас МЫРЗАБАЕВ. - Шілденің 10-нан бастап дақылдарды жаппай жинау басталады деп отырмыз. Махамбеттік диқаншылар үшін бүгінде маңызды кезең басталды.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 маусым 2020, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.