Бұдан бұрын «АЖ» Атырау облысының Түркістан қаласына 1 млрд 31 млн теңгеге мәдениет орталығын тарту ететінін хабарлаған еді. Бірақ ол кезде тек 1-кезең туралы айтылған болатын. Ал құрылыстың жалпы құны - 9 млрд 119 млн теңге.
Естеріңізге салсақ, өткен жылдың желтоқсанында мемлекеттік сатып алулар сайтының порталында «Түркістан қаласындағы “Әзірет Сұлтан” тарихи-мәдени қорығы маңында “Ұлы дала елі” орталығының құрылысы» лоты қойылды (1 - кезең). Жұмыс құны 1 031 519 703 теңгеге бағаланды.
Енді сол мердігер "BI Construction Turkestan" ЖШС-мен тағы 3 887 599 000 теңгеге жиынтық келісімшарт жасалды. Бұдан басқа, демеуқаржы ретінде «Теңізшевройл» ЖШС 4 млрд 200 млн теңге бөледі. Осылайша, 2-кезең 8 млрд 87 млн теңгеге шығады, ал жалпы құрылыс құны (1-ші және 2-кезеңдер) - 9 млрд 119 млн теңге.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА