Атырау, 15 қаңтар 22:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Теңіздегі вахта ауысымы: қазақстандық қызметкерлерді жасына қарай кемсіте ме?

6 377 просмотра

Қазір мессенджерлерде «Теңіз кеніші қызметкерлерінің вахталық ауысым процесі» ережесі таралуда. Кейбір желі қолданушылары ережеде шетелдік қызметкерлермен салыстырғанда қазақстандықтарды жасына қарай кемсітуге жол берілген деседі.

Бұл жолы вахта ауысымы қызметкерлердің жасына қарай шектелген. Құжаттан үзінді: «ҚР нұсқаулығына сәйкес, Қазақстан азаматтары үшін шектеу 55 жасқа дейін; халықаралық ұсынымдарға сәйкес шетелдік қызметкерлер үшін шектеу 65 жасқа дейін».

Бұл жерде қандай «ҚР нұсқаулығы» туралы айтылғаны да, қазақстандықтардың жас бойынша шетелдіктерден айырмашылығы қандай екені де түсініксіз.

Естеріңізге салсақ, 15 маусымнан бастап ТШО мен оның мердігер мекемелері қызметкерлерінің вахта ауысымы басталған еді. «Бұл вахта ауысымы кезінде сәйкес (бірге бір) қызметкерді ауыстыру үшін қажет. Қызметкерлер саны асып кетсе, оны ТШО-ның өндіріс жөніндегі менеджері мақұлдауы тиіс».

Ережеде бұл процесс Теңіздегі Негізгі Өндіріс (НӨ) және Келешек кеңею жобасы (ККЖ) қызметкерлерінің келесі санаттарына қатысты екені көрсетілген:

1. ТШО

2. Шеврон (CVX, CLO) 

3. Серіктестер:

• Exxon Mobil

• Lukoil

• KazMunaiGas (KMG)

• Kazakh Projects Joint Venture (KPJV)

4. Агенттіктер:

• Bolashak Atyrau

• Fircroft

• Career Holding

• RTG Tilmash

Айнұр САПАРОВА

19 маусым 2020, 19:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.