Атырау, 23 сәуір 14:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

"Маған ауру қатты әсер етті". Мұсағалиев өз жағдайын айтып берді

Бейнежазба
3 265 просмотра

Атырау облысының бұрынғы бас санитар дәрігері ауруға шалдығып, оттегі жетіспей жатқанын айтты. Ол қазір ауруханада орын жоқ болғандықтан, үйден емделуде.

Осыдан үш күн бұрын оның COVID-19 тексерген сынағы оң нәтиже көрсетті. Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша, ол Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалында өзінің әріптесі КВИ жұқтырғанын естіген бойда бірден оқшауланған.

Алғашқы күндері ауру белгілері байқалмаған, бес күн өткенде COVID-19 белгілері пайда болды. Жетінші күн дегенде дене қызуы көтеріліп, тұмау мен жөтел басталды.

"Маған ауру қатты әсер етті: ауа жетпей, үрейленіп, тыныс алуым қиындап кетті. Қазір оттегі баллонын алып жатырмын. Аурудың алғашқы белгісі пайда болғаннан кейін жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырды, бірақ онда қазір мүлдем орын жоқ. КВИ науқастары өте көп. Дәрігерлер де үш ай бойына шаршап қалған. Сондықтан үйде емделуді шештім. Өз-өзіме екпе егіп, дәрілерді ішіп жатырмын. Егер компьютерлік томографияда менде пневмония бар екені анықталса, онда алгоритмге сәйкес ауруханаға жатқызады», - деді Темірбек Мұсағалиев.

«Алғашқы қаулыда көрсетілгендей, аса қажет болмаса, ешқайда бармағаныңыз жөн. Тек өз-өзіңізді оқшау ұстаңыз. Азық-түлік сатып алуға жақын маңдағы дүкенге барып келіп,  үйде отырыңыз, қонақтықты қоя тұрыңыз. Бізде бұл аурудан көз жұмып жатқандар бар, тіпті 40 жастағы жастар қыршын кетіп жатыр», - деп бұрынғы санитар дәрігер Атырау облысының тұрғындарына үндеу тастады. 

Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымдағы мәлімет бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 2200 адамға жетті. COVID-19-дан 8 адам көз жұмды.

19 маусым 2020, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.