Атырау, 15 қаңтар 20:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

​Ұрылар терезеден оп-оңай кірген

3 697 рет қаралды


Атырау полициясы үш адамнан құралған қылмыстық топты құрықтады. Олар өткен жылдың желтоқсанынан бері жеке сектордағы үйлерді тонаған. Қожайыны жоқ кезде олар пластик терезені ығыстыра салып, үйлерге оп-оңай кіріп жүрген.

- Оларға 10 үйге ұрлық жасады деген айып тағылуда. Мәселен, бір үйден зергерлік бұйымдар, қымбат сағат және аңшылық мылтық ұрлап, 1,5 миллион теңгеге зиян келтірген, - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ. Ол сондай-ақ атыраулықтарға қырағы болуға, үйді бейнебақылау жүйесімен, дабылқаққышпен және терезелерді тормен қауіпсіздендіруге кеңес берді.

Айнұр САПАРОВА

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған сурет

18 маусым 2020, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.