11 маусым күнгі мәліметтерге сай, ТШО қызметкерлерінің арасында ауру жұқтырған 62 жағдай тіркелді, ал мердігер мекеме қызметкерлері арасында 1086 адам жұқтырған. ПТР анализі расталмай, ауруханадан емделіп шыққан қызметкерлер саны 728 адам болды. Бұл ақпарат «Теңізшевройл» ЖШС сайтында жарияланды.
«Наурыз айынан мамыр айына дейінгі аралықта ТШО компаниясы 26 мыңға жуық адамды үйге уақытша қайтару бойынша шараларды жүзеге асырды, бұл жұмыс орындарындағы қызметкерлер санын азайтуға және әлеуметтік қашықтықты сақтау мен оқшауланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ТШО компаниясы қызметкерлерді жеке топтарға бөлу стратегиясын жүзеге асырды, оның нәтижесінде тұрғынжайларда, көлікте және жұмыс орнында бірге жұмыс істейтін жеке жұмысшылар топтары құрылды. Сондай-ақ, біз жұқтыру жағдайларын анықтау және осы адамдарды және олардың жақын және ықтимал байланыстарын оқшаулау, сондай-ақ медициналық көмектің мүмкіндігінше тезірек көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында ПТР тестілерін жасау санын барынша арттырдық. Бүгінгі күні Теңізде жұмыс жасайтын 18 мың қызметкерден ПТР анализдері алынды», - делінген хабарламада.
Қазір ТШО өндірістік қызметі үзіліссіз жалғасып жатыр. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыру барысының көрсеткіші 77%-ті құрады. Модульдерді жасап құрастыру және оларды өндірістік алаңнан жөнелту жұмыстары да Теңіздегі модульдерді қайтадан құрастыру жұмыстары секілді - кестеге сәйкес атқарылып отыр.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА