Атырау, 22 желтоқсан 11:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Ескі базарда оқ атылды

3 669 рет қаралды

"АЖ"-ға белгілі болғандай, 17 маусымда кешке Атырауда бұрынғы колхоз базары («ескі базар») аумағында травматикалық тапаншадан оқ атылды. Бұл белгісіз екі ер адам мен 40 жастағы жәбірленуші арасындағы жанжал кезінде болған.

Резеңке оқтан жарақат алған жәбірленуші облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер «жеңіл дене жарақаты» деген диагноз қойып, көмек көрсетіп, үйіне жіберді. Жанжал қандай жағдайда болғандығы әзірге белгісіз. Полиция оқ атқандарды іздестіруде.

Айнұр САПАРОВА

18 маусым 2020, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.