Атырау, 8 желтоқсан 16:35
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

АҚШ-та коронавирустан адам өлімі Бірінші дүниежүзілік соғыстағы қаза санынан озды

3 467 рет қаралды

Джонс Хопкинс университеті жасаған зерттеу бойынша, АҚШ-та COVID-19 пандемиясынан қайтыс болған адамдар саны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы қаза санынан көп, - деп хабарлайды CTV News.

Елде коронавирустан 119,1 мың адам қайтыс болған. Күніне вирустан 400 тұрғын көз жұмады екен. Агенттіктің есебі бойынша, 1914-1918 жылдардағы соғыста елде 116,5 мың адам қаза тапқан. 

Сәуірдің аяғында АҚШ-та COVID-19-дан адам өлімі Вьетнамдағы соғыстан озып кеткен. 

Айта кетейік, АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр - елде 2,1 миллион адамнан вирус анықталған. Күн сайын елде 20 мыңға жуық адамнан COVID-19 табылады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

17 маусым 2020, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.