Соңғы кездері Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының филиалын басқарған Атырау облысының бұрынғы бас санитариялық дәрігері Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ Covid-19 жұқтырыпты деген қауесет көптен бері айтылып жүр. Енді қайта тестілеу оң нәтиже берді деген ақпарат түсті.
Одан басқа филиалдағы әкімшілік қызметкерден вирус анықталды. Қазір Мұсағалиев және барлық әкімшілік қызметкер (бухгалтерия, кадрлар, маркетинг бөлімдері) оқшаулануда, орынжай-ғимараттарға дезинфекция жүргізілді. Вирусологиялық, химиялық және радиологиялық зертханалар қалыпты жұмыс істеуде.
Айнұр САПАРОВА