Атырау, 27 сәуір 05:09
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Covid-19-тен көз жұмғандардың туыстары: «Бір қабірге жерленуіне қарсымыз»

Сурет Бейнежазба
4 073 просмотра

16 маусымда Жұлдыз ықшам ауданындағы «Орбита» мұсылмандар зиратында коронавирус инфекциясынан көз жұмған Жылыой ауданының екі тумасының жақын туыстары жиналды. Олар туыстарының мәйіттері бір қабірге жерленетініне наразы болды.

Естеріңізге салсақ, алдыңғы күні кешке облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 1965 жылғы ер адамның, ал кеше таңертең 1963 жылғы бір адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Екеуі де Жылыой ауданынан, екіншісі соңғы жылдары Атырауда тұрған.

«АЖ» тілшісі сол жерге барған кезде, зират қақпасының алдына марқұмның туыстары жиналған, полиция кезекшілікте тұрды. Сол жерде мәйіттерді алып келген екі жедел жәрдем көлігі де болды.

Туыстарының айтуынша, олар мәйіттердің жерленетінін білген соң «жаназа» оқып үлгеру үшін тал түсте зиратқа келіпті.

- Біз келген кезде марқұмдардың денелерін бір қабірге жерлейтінін білдік. Бұған дейін коронавирустан қайтыс болған адамдарды санитариялық қорғаныс мақсатында санэпидемиологиялық  нормаларды сақтай отырып, арнайы бөлінген жерге көметіні айтылған еді. Біз оларды бір қабірге жерлейтініне қарсымыз және мәйіттерді бізге беруді сұраймыз. Біз оларды Жылыой ауданында бөлек жерлейміз, ол жақта зират үшін арнайы орын бөлінген, - дейді 1965 жылғы ер адамның туыстарының бірі Гүлфира НҰРЫШЕВА.

Бұдан басқа, туыстары коронавирустан қайтыс болғандардың денелері санитарлық нормаларға қайшы бола тұра, тұрғын үйлерге жақын жерленетіндігіне наразы болды:

- Зираттың бетон қоршауынан 60 метр қашықтықта тұрғын үйлер орналасқан, ол жерде балалар ойнайды. Қауіпсіздік қайда сонда?

Адамдар үш сағаттан бері жерлеу мәселесін шеше алмай тұрғандарын айтты, олар әкімдік өкілдері мен мешіттен имамды күтіп отыр екен.

Діни қызметкер кейіндеу келіп, өзін әкімдіктен жібергендіктен кешіккенін түсіндірді. Онымен бірге медициналық қорғаныс костюмін киген бірнеше қабіршілер болды.

Зиратқа облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан БИСЕМБИЕВ келді. Келіссөздерден кейін 1963 жылғы марқұмды Жылыой ауданына жерлеуге беру ұйғарылды. Естеріңізге салсақ, бекітілген жерлеу алгоритміне сәйкес, коронавирустан көз жұмғандар қайтыс болған жерде жерленуі тиіс.

Екінші марқұмды туыстары «Орбита» зиратына жерлеуге келісті. Ж.Бисембиевтің айтуынша, зиратта барлық санитариялық нормалар сақталған, марқұмның денесі мен жерлейтін жер дезинфекцияланған.

Бүгінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 6 адам көз жұмды. Үшеуі Атыраудағы «Орбита» зиратына, тағы үшеуі – Құлсарыда жерленді.


Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

17 маусым 2020, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.