16 маусымда Атырауға Амстердамнан 175 жолаушысы бар ұшақ келіп қонды. Олардың барлығы да Еуропаның ең маңызды әуежайларының бірі Схипхолда елге қайту үшін жиналған қазақтар.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан БИСЕМБИЕВТІҢ айтуынша, келген бойда оларды әрқайсысын бөлек-бөлек Береке ықшамауданындағы сол үшін дайындалған бір үйге орналастырады. Олардан коронавирусқа тест-сынама алып, ертесі күні нәтижесі расталмаса, үйіне жіберіледі.
Айнұр САПАРОВА