15 маусым күні сағат 18.55-те Исатай ауданы, Аққыстау ауылынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Қамысқала ауылының маңында даланың өртеніп жатқаны жөнінде хабар түсті. Өрт аумағы - 35-40 гектардай жер.
ТЖД ақпараты бойынша, өртті сөндіруге 25 адам (оның ішінде 8 адам - ерікті өрт сөндіру жасағы, 17 адам – жергілікті тұрғындар), 6 техника жұмылдырылды. Өрт 16 маусым күні сағат 10:30-да сөндірілді.
Жыл сайын өңірімізде аптап ыстықта далада өрт шығып тұрады. Бұл биыл орын алған бірінші өрт және ең соңғысы болсын деп тілейік.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ТЖД ұсынған суреттер мен бейнежазба