8 маусымда басталған «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы барысында айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерден 6 миллионға жуық теңге өндіріліп, айып тұрағына 20 автокөлік қойылды.
- Рейд барысында полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылармен бірлесіп, жол ережесін бұзғаны үшін 500-ден астам борышкер жүргізушіге әкімшілік сот қаулысын табыс етті, - дейді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВА.
Іс-шара 18 маусымға дейін жалғасады.
Айнұр САПАРОВА