Бүгін, 16 маусымда ҚР Жоғарғы сотында Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев, ағасы Аманжан Рысқалиев және басқаларға қатысты Бас прокуратураның кассациялық шағым қаралды. ЖС алдын-ала мәліметтеріне сай, шағым қанағаттандырылды.
Естеріңізге сала кетсек, мамырдың аяғында Бас прокурор Ғизат НҰРДӘУЛЕТОВ ҚР Жоғарғы сотына Бергей Рысқалиев, оның ағасы Аманжанға, Рүстем Альбакасов пен Ерболат Ізбасарға қатысты үкімді, оның ішінде мүлкін тәркілеуге қатысты тұсын қайта қарау туралы кассациялық шағым берді.
Бастапқыда шағымды қарау 23 маусымға белгіленген еді.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА