1 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында өткізілген «Бекіре-2020» балық қорғау акциясы аяқталды.
Атырау облыстық аумақтық жануарлар дүниесі инспекциясының өкілі Олег ТУШКАНОВТЫҢ айтуынша, акция нәтижесінде 759 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 33 қылмыстық іс қозғалып, жалпы сомасы 13 миллион теңге айыппұл салынған.
Заңсыз айналымнан 13,9 тонна балық (оның ішінде 943,6 кг бекіре), 16,34 кг қара уылдырық, 439 балық аулау құралы, 119 жүзу жабдығы тәркіленді.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА