Атырау, 26 сәуір 02:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14

Вирус бомждарға да жетті

3 851 рет қаралды
Көрнекі сурет

Атырауда белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы тұрғындарының бірінен Covid-19 анықталды. Бұл туралы Атырау облысының бас санитариялық дәрігері Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ мәлімдеді.

- Қазір ол сол мекемеде дәрігерлердің бақылауында. Ауру ошағында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде, - деді Жұмағалиев.

Ол сондай-ақ ауру белгілері байқалмайтын науқастар есебіне қатысты түсінік берді:

- Денсаулық сақтау министрлігінің шешіміне сәйкес, 1 маусымнан бастап олар бойынша жеке есеп жүргізіледі, бірақ жалпы статистика бойынша олар да есептеледі. Ауру белгілері байқалмайтын науқастарды ауруханада емдеудің қажеті жоқ - олар үй карантинінде болады.

Айнұр САПАРОВА

12 маусым 2020, 22:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.