Атырау, 15 қаңтар 16:45
 ашықВ Атырау -3
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Біртанов исатайлық медицина қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты

4 703 просмотра

Қызметтік сапар кезінде жол апатына ұшыраған Исатай ауданының медицина қызметкерлеріне ҚР Денсаулық сақтау Министрі Елжан БІРТАНОВ көңіл айту хатын жолдаған болатын.

Естеріңізге салсақ, 6 мамыр күні «Атырау-Астрахан» тас жолының Исатай ауданы Зинеден ауылы маңында жедел жәрдем мен әскери «КаМАЗ» көлігі соқтығысып, екі медицина қызметкері мен жедел жәрдем жүргізушісі қаза болған еді. Бұл қайғылы оқиға "АЖ" жарияланымынан кейін белгілі болды.   

«Министрліктің және өз атымнан Исатай аудандық ауруханасының қызметкерлері Жанар ӘМІРЖАНҚЫЗЫ мен Айдын УАХИТОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуларына байланысты орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Сіздерге қайғырып көңіл айтамын» делінген жеделхатта. Бұл жеделхатты марқұмның тума-туыстарына облыстық денсаулық сақтау жүйелері кәсіподақ комитеті филиалының төрайымы Майра Кәшкенова мен Исатай аудандық ауруханасының директоры Сәулебай Байжанов табыс етті. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 маусым 2020, 20:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.