Бүгін, 11 маусымда, таңертеңгі сағат 8-де қала маңындағы Еркінқала -2 ауылында Жайық өзенінен 11 жасар баланың денесі табылды.
- 10 маусымда кешкі сағат алтыларда велосипед теуіп келемін деп шығып кеткен бала үйге оралған жоқ. Баланы іздеп жүргенде, Жайықтың жағасынан оның велосипеді мен киімдері табылды. Кейін сүңгуірлер судан баланың денесін алып шықты, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі.
Фархат ӘБІЛОВ