Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 5 адам тіркелді, деп хабарлайды жергілікті штаб.
COVID-19 жұқтырған 3 адам Атырау қаласының тұрғындары.Олардың екеуі 1992, 1999 жылы туған әйел адам, ал біреуі 1995 жылы туған ер адам.Барлығы ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.
Ал тағы 2 жағдай Қызылқоға ауданынан тіркелді. Олар 1968 , 1971 жылы туған ер адамдар.Олардың біреуінен скринингтен өту кезінде анықталса, екінші науқас инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
10.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1232 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны - 876.