Оқыс бұрып қалғанда бір жағына жантая құлаған трактордың астында жүргізушісі қалып қойған. Ауыр жарақаттарымен оны ауруханаға жеткізгенімен, ақхалаттылар құтқара алмады. Қазаға ұшыраған Индебор кентінің 58 жастағы тұрғыны. ҚР ҚК 156 бабы 3 бөлігімен («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА