Атырау, 16 маусым 00:31
 дождьВ Атырау +26
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78

Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 5 адам тіркелді

3 735 рет қаралды

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар  5 адам тіркелді.

COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 1998, 1978 жылы туған  мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар  инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған және  скринингтен өткен қызметкерлер.   

Ал тағы 2 адам  1969, 1961  жылы туған Атырау қаласының  тұрғындары. Олардан инфекция скринигтен өткен кезде анықталған.
Сондай-ақ 1 адам Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылдық округінің 1973 жылы туған тұрғынынан анықталды.Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

09.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1227 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны - 834.

10 маусым 2020, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.