Атырау, 14 қыркүйек 17:14
 дождьВ Атырау +30.5
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Бір тұрғыны Covid-19-дан көз жұмған Ақкөл ауылы карантинге жабылды

7 655 рет қаралды

5 мыңға жуық тұрғыны бар Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылы маусымның 18-не дейін карантинге жабылды.

Құрманғазы ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Карл УТАРОВТЫҢ шығарған қаулысында атап көрсетілгендей, Ақкөл ауылдық округінде коронавирус инфекциясын 18 адам жұқтырған, ал соның ішіндегі 72 жастағы әйел 7 маусымда аудандық ауруханада көз жұмды. Осыған байланысты округ аумағына кіріп-шығуға тыйым салынып, шекара бекеті басшысына теміржол стансасына келіп тоқтаған поезд вагондарының есіктерін ашуға, адамдарға түсуге қатаң тыйым салынсын деп тапсырды. Азық-түлікке жатпайтын сауда нүктелерінің қызметін тоқтату, мейрамхана, дәмхана, асхана жұмысын «тапсырыс берушіге» жеткізу қағидасы бойынша жүзеге асыру белгіленді.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 маусым 2020, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.