Атырауда синтетикалық есірткі сатқаны үшін 32 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. Бұдан басқа ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілініп отыр.
Ол Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды.
- Тінту жүргізілген кезде ұсталушыдан синтетикалық есірткі, тыйым салынған діни әдебиет және қолдан жарылғыш құрылғылар жасауға арналған заттар тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұдан басқа ҚР ҚК-нің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) және 256-бабы (Терроризмдi насихаттау) бойынша тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Бейнежазбаны ПД баспасөз қызметі ұсынды