Атырау, 20 сәуір 20:15
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау облысында COVID-19​ жұқтырған тағы 6 адам тіркелді

4 400 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 6 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб. 

COVID-19 вирусымен 4 адам Құрманғазы ауданында  тіркелді. Олардың ішінде үшеуі ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген, ал біреуі бұған дейін коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған.

Сондай-ақ 1980 жылғы Атырау қаласының тұрғынынан,1945 жылғы Жылыой ауданында тұратын зейнеткерден коронавирус инекциясы табылды. Олар профилактикалық мақсатпен тексеруден өткен. Зертханалық тексеру нәтежелері коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, олармен қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

06.06.2020 ж. жағдай бойынша аймақта COVID-19 инфекциясымен жалпы 1202 адам анықталды, жазылып шыққандар саны — 769.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

7 маусым 2020, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.