Атырау, 19 наурыз 14:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Алаңға кіру мүмкін емес

Сурет Бейнежазба
4 291 просмотра

Бүгін, 6 маусымда, онсыз да Атыраудың бас санитариялық дәрігердің қаулысымен жабық тұрған Исатай мен Махамбет алаңы  полиция және әскери қызметшілермен қоршалып тұрды. Оған қазақстандық оппозиция ел бойынша жоспарлап қойған бейбіт митинг себеп болуы мүмкін.

Сағат 11-де қаладағы ең үлкен алаң темір қоршаумен қоршалып, полиция күзетіп жүрді, оған қоса әскери көлік пен коммуналдық арнаулы техника тұрды.  Алаңда жүрген «АЖ» тілшісіне қарапайым киінген адам жақындап, қай БАҚ-тың атынан келіп тұрсыз деп сұрады.

Өзін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самат ЕМБЕРГЕН деп таныстырды.

Алаңда арнаулы киім киген адамдар қызу дезинфекция жүргізіп жүргендей сыңай танытты. Камерамен жүрген журналистерді көріп, соларға қарай бағыттап, дезинфекциялық сұйықтықты шашыңқырап келіп жібереді. Оларға алаңды өтіп бара жатқан адамдарымен бірге залалсыздандырып жіберуге бұйрық берілген болар (сонда бір оқпен екі қоянды атады). Алаңды тазалап, қоқыс жинап жүрген өзінің әріптестері мен полиция қызметкерлерін залалсыздандырған жоқ, әрине.

Шашқан ерітіндіден  ашып тұрған көздерімді уқалап тұрғанда, жаныма екі полиция қызметкері жақындап, қаланың бас дәрігерінің қаулысын меңзеп, алаңнан кетуімді өтінді. Топталып жиналмауға тыйым салынған жоқ па, мен өзім алаңда серуендеуіме болады деген наразылығыма олар бұл жерде залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр, серуендеуге шыққан басқаларына да алаңды босатуды өтінеміз деп жауап берді. Алаңды босатуға үшінші рет ескерткеннен кейін, өтінішке бағынбағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындауы мүмкін екенін түсіндірді.


Сол маңайдан жергілікті оппозиция белсенділері Қасым ҚОЖАНТАЕВ, Тойған ЖОЛДАС және Басыр ДАУЫЛБАЕВТЫ полиция ұстағаны анықталды.

-Әзірге оларды полиция учаскесінде ұстап отыр, оларға айыппұл салғанын немесе босатып жібергенін үш сағаттан кейін біле аламыз, - деп хабарлады Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі бюросы Атырау филиалының басшысы Әсел НҰРҒАЗИЕВА.

Айнұр САПАРОВА 

Суреттер пен бейнежазбаны  түсірген автор

6 маусым 2020, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.