Атырау, 19 наурыз 14:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Атыраудан пойыздар қашан жүре бастайды: кестесі мен күндері

5 001 просмотра

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Атырау қаласынан жолаушылар пойыздарының қатынай бастайтынын хабарлады.

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 13 мамырдағы шешіміне сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігі Көлік комитетінің келісімі бойынша төменде көрсетілген жолаушылар пойыздары қатынасының қалпына келтірілетіндігін хабарлайды: 

1) №19/20 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол – Атырау» пойызы «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» вокзалынан 2020 жылдың 11 маусымында, ал Атыраудан 2020 жылдың 12 маусымында жөнелтіледі.

2) №29/30 «Алматы-2 – Атырау» пойызы «Алматы-2» вокзалынан 2020 жылдың 11 маусымында, ал  Атыраудан 2020 жылдың 12 маусымында жөнелтіледі.

3) №47/48 «Атырау-Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол» пойызы Атырау вокзалынан 2020 жылдың 11 маусымында, ал Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолдан 2020 жылдың 13 маусымында жөнелтіледі.

4) №95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Орал» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол вокзалынан 2020 жылдың 10 маусымында, ал Оралдан 2020 жылдың 11 маусымында жөнелтіледі.

5) №313/314 «Атырау - Маңғыстау» пойызы Атырау вокзалынан 2020 жылдың 10 маусымында, ал Манғыстаудан 2020 жылдың 11 маусымында жөнелтіледі.

6) №691/692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы Ақтөбе вокзалынан 2020 жылдың 10 маусымында, ал Атыраудан 2020 жылдың 11 маусымында жөнелтіледі.

7) №41/42 «Атырау – Алматы-1» пойызы Атырау вокзалынан 2020 жылдың 11 маусымында, ал Алматы – 1-ден 2020 жылдың 13 маусымында жөнелтіледі.

Пойыздардың келу\жөнелтілу уақыты туралы толық ақпаратты «105» анықтама телефоны бойынша  білуге болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін). 

6 маусым 2020, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.