Коронавирус жұқтырып, денесі қарайып кеткен қытайлық дәрігер Ху Вэйфэн ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Global Times.
Басылымның мәліметінше, наурызда оның жағдайы күрт нашарлаған. Ал сәуірде ол дұрыс сөйлей де алмай қалған. Кейін ол жалпы бөлімге ауыстырылған.
Ал 22 сәуірде және 21 мамырда дәрігер инсульт алған. Оның қайтыс болғаны 2 маусымда белгілі болды.
Еске салайық, қытайлық дәрігерлер Ю Фан және Ху Вейфенг Уханның орталық ауруханасында науқастарды емдеп жүргенде коронавирус жұқтырған. Олардың жағдайы қатты ауыр болған. Сырқатпен күресте экстракорпораль мембранды оксигенация әдісі (қанның оттекпен қанығу әдісі) көмектескен.Ем қабылдап жатқан дәрігерлер аурудан кейін күтпеген жағдайларға тап болған.
Дереккөз: tengrinews.kz