Ангела Меркель ФРГ канцлері сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін ол бірнеше рет 2021 жылдан кейін саяси карьерасын жалғастырмайтынын мәлімдеген еді.
Таяуда одан журналистер коронавирусқа байланысты кризис кезінде оның "жауапты екенін" айтып, сондықтан келесі сайлауда канцлер қызметіне өз кандидатурасын ұсынар-ұсынбасын сұраған.
"Жоқ. Жоқ. Шынымен жоқ. Бұл анық", - деп жауап берді Меркель.
Ангела Меркель 2005 жылдан бері ФРГ канцлері қызметін атқарып келеді. 17 шілдеде канцлер 66 жасқа толады.