Жылыой ауданы әкімдігінің телеграм каналына жасөспірім қыздардың бес қабатты үй (Құлсары сияқты) шатырының жиегінде бір-бірін суретке түсіріп, емін-еркін билеп, секіріп жүрген бейнежазба жүктелді.
Бұған көпшілік қатты алаңдаушылық білдіріп, аудандық білім бөлімі ата-аналарға балаларды бақылаудан шығармауға кеңес берді.
Пайдаланушылардың бірі мынадай пікір қалдырды:
«Ата-аналар, абай болыңыздар! Ал, мына қыздардың істеп жүргенін қараңдар. Құлап кетем бе деген қорқыныш жоқ. Әйтеуір, өзіміздің зәре-құтымыз қалмады. Осы «Тик-ток» деген пәле болды».
«ТикТок» - шағын бейнежазба жасап, көрермендерге ұсынатын пекиндік «ByteDance» компаниясына тиесілі қосымша. «ТікТок» өкілдігі ЛосАнджелес, НьюЙорк, Лондон, Париж, Берлин, Дубай, Мумбаи, Джакарта, Сеул және Токиода бар. Қытайда ол «Доуинь» деп аталады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Видео әлеуметтік желіден алынды