Атырау, 14 қаңтар 21:06
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Жасөспірімдер қырға шығып, адасып кетті

3 946 рет қаралды

2 маусымда Махамбет ауданының Қаңбақты қыстағында 17 және 18 жастағы екі бозбала жоғалып кетті. Олар ұялы байланыс үшін сигнал іздеп, қырға шығып, сол күні оралмаған.

- Қыстақ Махамбет ауылынан 65 шақырым қашықтықта орналасқан. Алдымен туыстары оларды өздері іздеген, содан соң 3 маусымда ТЖД-ға жүгінген. Шақыртуға 4 қызметкер аттанды, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД.

Бағына қарай, құтқарушылар жеткенше туыстары балаларды тауып алыпты. Сөйте, олар айдалада қалған көлік қаңқасына паналап, сол жерде ұйықтап қалыпты.

Фархат ӘБІЛОВ

4 маусым 2020, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.