Атырау, 22 қараша 03:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Сот бұзақының сөзіне сенбеді

3 434 просмотра

Махамбет аудандық соты аудан орталығының 31 жастағы тұрғыны Б.Н.-ға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша шешім шығарды. 31 мамырда бұл азамат көшеде 17 жастағы бейтаныс қызды балағаттаған.

Сотта Б.Н. кінәсін толық мойындап, ондай іс-әрекетті енді қайталамауға уәде берді. Дегенмен кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның өкілі құқық бұзушыға заңды шара қолдануды сұраған.

Сот Б.Н.-ны 5 тәулікке қамауға алуға шешім шығарды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 маусым 2020, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.