Әлеуметтік желіде Атыраудың жергілікті екі тұрғыны Жайыққа батып бара жатқан әйелді құтқарғаны туралы бейнежазба тарады.
Әйелдің өзеннің ортасына дейін жүзіп барып, кері қайтарда әлі жетпей қалғанға ұқсайды. Судың бетінде әзер қалқып келе жатқанын кадрдан байқауға болады. Балықшылар болу керек, кішкентай қайықпен екі ер адам барып, жағаға шығарды.
Атырау облыстық ТЖД мәліметіне сай, 2 маусым сағат 17.35-те Балықшыдағы көпірдің тұсында бір әйел суға батып бара жатқаны туралы хабар түскен.
Қызметкерлер ол жерге жеткенше, әйел құтқарылып үлгерген болатын.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды