Атырау, 14 қаңтар 19:27
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Сүт, минералды су және арақ қымбаттады

3 709 рет қаралды

Energyprom.kz статистикалық мәліметтеріне сәйес, Атырау облысында соңғы бір жылда салқын сусын, сүт пен ішімдік қымбаттаған.

Біздің өңіріміз ең қымбат сүт сатылатын үштікке кіреді: пастерленген сүттің орташа бағасы 255 теңге, Алматы мен Ақтөбеде де осындай баға.

Energyprom.kz сарапшылары атап өткендей, жалпы ел бойынша жыл ішінде сүт 8 пайызға қымбаттады. Басты себебі – отандық өндіріс сұранысты толық қамти алмайды. Азық-түлік дүкен сатушыларының айтуынша, сүт өнімдерінің басым бөлігі Ресейден әкелінеді.

Арақ ел бойынша 5,8 пайызға қымбаттаған, ең қымбат арақ - Нұр-Сұлтан мен Атырауда.

Бұдан басқа, біздің өңірде алкогольсіз сусындар 10 пайызға қымбаттаған.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

3 маусым 2020, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.