Атырау, 25 сәуір 16:34
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ақкөлдіктер ауыз су мен көше жарығына зар

Сурет Бейнежазба
4 291 просмотра

5 мың тұрғыны бар Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында көп жылдан бері ауыз су, электр жарығы және жол проблемалары шешілмей келе жатыр. Ауыл тұрғындары осыған қатысты «АЖ»-ға хабарласқан еді.

Олардың айтуынша, көппәтерлі үйлердің тұрғындары сыздықтап аққан судың кезегінде сағаттап тұрады. Су таситын көлікті де үш-төрт күндеп күтуге тура келеді. Бала-шаға, үлкендер баклажка, шелектерін арқалап жүргендері.

Кеңестік дәуір кезінде салынған екі су тазарту қондырғысындағы сорғының әбден тозығы жетіп, істен шыққан. Тез қызып кетіп, суды айдауға қуаты жетпейді.

- Бұл су тазарту қондырғылары кезінде 33 көп қабатты үйді, балабақша, мектеп пен темір жол стансасын сумен қамтуға арналған, - дейді Ақкөл ауылының әкімі Бисенбай РАМАЗАНОВ. – Сорғы тозғандықтан қуаты жетіспей, тәулігіне үш рет қана су беруге мәжбүрміз. Мен аудан әкімшілігіне ақпаннан бері күн жылына ауылда су тапшылығы болатындығын талай ескерттім. Енді бұл тығырықтан шығу үшін аудандық ТКШ балансысындағы су таситын бір водовоз бөлінді. 3 тонна су 1,5 мың теңге болса, ал жекеменшік кәсіпкерлер 3 мың теңгеге жеткізіп беруде. Ауыл халқы арзанына жүгіріп, бес-алты рейске бірден сұраныс беріп, алдын ала ақшасын төлеп қояды, сондықтан басқаларына күтуге тура келеді.

Ауылдағы екінші мәселе – ток жүйесі мен көше жарығына қатысты. Тартылған электр желілері мен соқалар тозығы жеткендіктен көбі қауіп тудырып отырған көрінеді. Жергілікті тұрғындар токтың қуаты жетпей, жарықтың жиі өшетініне шағымдануда. Ауыл әкімі Рамазановтың айтуынша, бұған дейін олар теміржол мекемесінің балансысында болған, қазір аудандық ТКШ қарамағына көшкен. Электр желісін жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаты жасақталғанымен, сараптамадан өтуде кідіріске ұшыраған.

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жастілек ХАСАНОВ:

- Бүгінде екі су тазарту қондырғысын жаңғырту үшін жабдық сатып алынды. Алайда Ресейден мамандар келіп, құрып беруі керек еді, карантиннің кесірінен келе алмай отыр. Жыл аяғына дейін бұл жұмыс бітеді деп отырмыз.  Бұдан басқа, биыл ауыл ішіндегі 10 шақырым көше жолдары жаңғыртылады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

3 маусым 2020, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.