Атырау, 27 сәуір 08:44
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Ембімұнайгаз» қоршаған ортаға залал келтіргені үшін 1,2 млрд теңге төледі​

3 127 просмотра

Көрнекі сурет

Атырау облыстық прокуратурасы «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның алау қондырғысында құрамында күкірт мөлшері жоғары 1,3 миллион текше метрден астам газдың заңсыз жағылғанын анықтады. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мемлекет кірісіне 1 млрд 281 млн теңге көлемінде қоршаған ортаға келтірілген залал өндірілді.

«АЖ» осы ақпаратқа қатысты «Ембімұнайгаз» АҚ-нан комментарий сұрады:    

“«Ембімұнайгаз» АҚ 13.06.2018 - 09.10.2018 ж. аралығында ұзаққа созылған соттың  тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Прорва кен орнындағы ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысында тазартылмаған газды жағу арқылы қоршаған ортаға келтірілген зиянды өз еркімен өтеп берді, - деп жауап берді «ЕМГ» қоғаммен байланыс қызметі. - Бұл қателік бас  мердігер тарапынан газды күкірттен тазарту жүйесін уақытылы іске қосу  бойынша келісімшарттың тиісті талаптарын орындамағаннан болып отыр. Қондырғыны іске қосу жұмыстары 2017 жылдың маусым айында басталды. Жобаның бас  мердігерінің күкірт өндіру, балқыту және түйіршіктеу қондырғысы – LOCAT жүйесін іске қосу міндеттемелерін дер кезінде орындамауынан жұмыс ұзарып кетті. Нәтижесінде, бұл қондырғы 2018 жылы 31 желтоқсанда пайдалануға берілді. LOCAT қондырғысы іске қосылғанда «Ембімұнайгаз» АҚ алау қондырғыларында газдың заңсыз жағылуы толығымен жойылды. Қазір LОCAT бірқалыпты режимде жұмыс істеп тұр, мұнда тауарлық газ, тұрақты газ конденсаты және түйіршіктелген күкірт өндіріледі».  

«Ембімұнайгаз» АҚ хабарлағандай, ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысы іске қосылғаннан бастап, «Интергаз Орталық Азия» АҚ осы жүйе арқылы  283,691 млн 691 мың текше метр тауарлық газды тасымалдаған. Тұрақты газ конденсаты «Жылоймұнайгаз» МГӨБ-нің жеке қажеттіліктері үшін қолданылуда. LOCAT қондырғысы іске қосылғаннан бері 645 тонна тауарлық күкірт өндірілді.

Фархат ӘБІЛОВ

2 маусым 2020, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.